Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балдырған» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бөген ауылы Б.Кенжебаев №189 ғимаратта орналасқан.Балабақша 2005 жылы 07 қарашада  ыңғайластырылған екі қабатты ғимаратта ашылған. Жер участкесінің жалпы көлемі  0.441945га, бөлмелерінің саны – 23, ғимараттың үй көлемі – 1576 шаршы метр. Балабақша 4 топпен жұмыс жасайды.Онда шешінетін,оқу-ойын бөлмелері,жатын бөлмелері,ыдыс жуатын бөлме бар. Меңгеруші, әдіскер, медициналық бөлме төменгі қабатта орналасқан. Музыка, спорт залы бөлек жайда орналасқан. Асхана, шаруашылық бөлмесі,қоймалар  қосалқы ғимаратта. Жылу жүйесі автономды қатты отынға арналған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, қоршалған. Аулада төрт топтың ойын алаңдары, беседкалар орналасқан. Балабақшада 12 педагог жұмыс атқарады. Жоғары білімді-11 педагог, арнаулы мектепке дейінгі білімді 1 педагог.

Санаты бойынша

Жоғары санатты-2

І санатты-4

Педагог-зерттеуші-1

Педагог-сарапшы-1

Педагог-модератор-1

Санаты жоқ-3


Жас еркешелігіне сай 4 топ жұмыс жасайды. Онда 90 бала

2 жастан бастап «Балауса» кіші тобы

3 жастан бастап «Ботақан» ортаңғы тобы

4 жастан бастап «Балбөбек» ересек тобы

5 жастан бастап «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы

Жұмыс уақыты : 5 күндік

Жұмыс уақыты :  10,5 сағат


2021-2022 оқу жылына төмендегідей мақсат пен міндеттерді қояды.

1) Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттерінде баланың  жеке белсенділігін  дамыту және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

2) «Денсаулық» және  «Таным» білім салаларында білім алу құзіреттілігін қалыптастыру. — заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Мақсатқа жету нәтижелері:-Ойын  іс- әрекетінде, дене жаттығуларын орындауда, музыка ырғағымен қимыл жасау жағдайын қамтамасыз ету; -Сөйлеу,  сенорлық, танымдық, эстетикалық дамуына жағдай жасау;  Тәрбиелеу мен оқыту процесін дербестендіруді  қамтамасыз ету; -Тәрбиеші-педагог ұйымдастырылған әрбір оқу іс-әрекетінде  әр жеке тұлғаның  іс-әрекет белсенділігін арттыруға көңіл бөлуі ; -Инновациялық ақпараттық –коммуникациялық технологияларды енгізу; -«Денсаулық» пен  «Таным»  білім салаларын  кіріктіре  дене қозғалысының  белсенділігін  дамыту; -Дене шынықтыру жаттығуларын табиғатпен үйлесе  меңгеруді қалыптастыру; -Математикалық ұғымдарды қимылды ойындар негізінде дамыту; — Ата-аналармен  балалардың денсаулығын нығайту және дамыту жолында  біріккен әрекеттерді  ұйымдастыруда  отбасымен  байланыс орнату.


БІЗДІҢ ТОПТАРЫМЫЗ